Казахские сказки — Қазақ ертегілері
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Аңыз әңгімелер


Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:
- О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін.


Жаңбырдан құлайын деп тұрған үйінің алдында Қожанасыр құдайдан дәулет сұрап отыр екен. Үлкен бір кесек құлап түсіп, басы жарылып қалыпты.

Қарызға белшесінен батқан бір кісі Қожаға айтыпты:
- Мойнымдағы қарыздарды үзгенше әзірейіл жанымды алып қоймаса жарар еді. Қожекең оған көңілін көтеріп:


Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.

Теңіздің суы неге ащы? – деп сұрапты біреу Қожанасырдан. – Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып  кеткен ғой, – депті Қожанасыр.

Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты.
Шаштараз бажылдап:
-        Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті.


Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжі қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп:
- Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? - деп сұрайды.
- Ақшаны көп берсең сатамын, - дейді.


Қожанасырдан мектепте оқытушы: – Қожанасыр,  төрттен  төртті  алса  не  қалады? – деп  сұрапты.  Қожа жауап бере алмайды. – Мысалы, қалтаңда төрт теңгең бар еді, сол теңгелер қалтаңнан  түсіп қалды, сонда не қалады? – депті оқытушы пысықтап. – Не қалсын, теңге түсіп...

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:
– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:
- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.