Казахские сказки — Қазақ ертегілері
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша


Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып  су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды. Қасқыр қозыға айғайлап: – Мен ішетін суды неге былғадың! – деді. Қозы: – Қасеке,  мен  қалай  сен  ішетін  суды  былғаймын.  Сен  судың  жоғарғы жағында,...

Қасқыр  мен  түлкі  келе  жатып  бір  жартастың  үстіне  шығады,  қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз  қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр: – Түлкім-ау, неге ішің тартасың? – дейді. Түлкі: – Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа...

Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне...

Қожекең көшеде адасып жүрген бір қойды үйіне әкеп сойып алады және оны сыр ғып бір жолдасына айтады.
Жолдасы Қожекеңе «кияметке барғанда не деп жауап бересіз?» - дейді.


Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. Әйелі оған бір кесе беріп:
- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, – деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады.


Қожанасыр бұрын ораза ұстамаған кісі екен. «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді ораза мезгілі жетті»,-деп, әйелі мазалай берген соң Қожанасыр келісіп, ораза ұстапты. Бірақ қарны ашқан соң Қожа күннің көзінің ауыл сыртындағы тауға жетіп жасырынуын шыдамсыздана күтетін болыпты.

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:
- О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін.


Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы  болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген  жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі  бір  күн  кейін  жүріп,  сол  жөнмен  алдыңғы  өтірікшінің  айтқанын  қостап, растап...

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:
– Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! — деп, ешкіге келіп:
– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің?


Бір қоян жылап отырып сөйлейді: – Дүниеде мендей сорлы жоқ.  Бәрі де менің соңымда – аңшы да, ит те, қасқыр да, түлкі де, қаршыға  да, бадырақ көз жапалақ та, ақымақ қарға да менің балаларымды  тасиды. Қорғанарға қаруым жоқ. Тиынша ағашқа шыға алмаймын.  Тышқанша ін де қаза алмаймын....

Жаңбырдан құлайын деп тұрған үйінің алдында Қожанасыр құдайдан дәулет сұрап отыр екен. Үлкен бір кесек құлап түсіп, басы жарылып қалыпты.

Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып,...

Қарызға белшесінен батқан бір кісі Қожаға айтыпты:
- Мойнымдағы қарыздарды үзгенше әзірейіл жанымды алып қоймаса жарар еді. Қожекең оған көңілін көтеріп:


Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.

Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасында әкесі өліп, жетім қалыпты. Өздері өте кедей екен. Ішерге асы, киерге киімдері болмаған соң Асанның шешесі Жаңыл, баласын жетелеп жүріп, ел қыдырып күнелтетін болыпты. Күндердің бір күні Жаңыл апа Асанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем сұрап, мұңын...

Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты.
Шаштараз бажылдап:
-        Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті.


Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжі қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп:
- Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? - деп сұрайды.
- Ақшаны көп берсең сатамын, - дейді.


Баяғы заманда қара басы бақ-дәулетке емін-еркін болса да, дүниенің ауыр бір арманына ұшырайтын адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам иен далада зар илеп жападан жалғыз келе жатады. Аты -Мұратқан.

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні: - Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі. - Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр.

Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты: – Мен  мына  жардан  құлап  кетермін,  сен  түлкі,  менен  төмен жат, – депті. Сөйтіп,  түлкі  жолбарыстың  аяқ  жағына  жатыпты.  Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі...

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмырасын сүтімен шөптің арасына  тығып қояды, бұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның  ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын  шығара алмай әлек болады. Түлкі: –  Әу,  құмыра!  Біраз  ойнадың  жетер,  жібер  менің  басымды?...

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында  отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл: – Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: – Жерге  түсіп,  сөйлессеңіз  қайтеді,  бір  құлағым  естімеуші  еді?...

Бір түлкі жортақтап тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында  тұрған тауықты көреді де бұл тауықты алдап қапқаныма түсірейін  деп ойлайды. Түлкі: – Тауығым, неге отырсың биікте? Жерге түс, тілімді алсаң, дос  болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап-күлейік, – дейді. Тауық: –...

Түлкі  мен  тырна  достасып,  бірге  тұрмақ  болыпты.  Екеуі  бір  балалап  бір  жерден  орын  тауыпты.  Ішіп-жемегі  ортақ.  Бірі  жем  іздеп саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жанында  қалады. Бір күндердің күнінде, тырнаның таз балапандарына жүн  шығып, жорғалайтын...