Казахские сказки — Қазақ ертегілері
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша


Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.

Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
-  Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты.Абай сәл ойланып отырыпты да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді.


Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келіпті. Басына киген қызыл елтірінің жүнін сыртына қаратып, пұшпағынан байлап қойыпты. Абай оның басына қараса, Қиясбай:
- Абай аға, сені білгіш дейді, менің басыма кигенім ненің терісі, тапшы? - депті. Абай күліп:


Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
-  Дауасыз не? арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
-  Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді. Абай риза болады.


Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты. Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс), біреуі мыстан істелген коңырау, біреуі ағаштан соққан ат ұстап кіріпті. Оларға патша:
-Бұл...

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты - Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан...

Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді.   «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып...

Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады.

Ақ  тиын  бұтақтан-бұтаққа  қарғып  жүріп,  ұйықтап  жатқан  қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиын жалынып: – Мені жеме, жібер? – дейді. – Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр  уақытта шат болып жүресіңдер? Сонда...

Ақыл, Ғылым, Бақыт - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің.

Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып:
- Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылқыны қуып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма?


Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да, шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып тағам етіп күнелтеді екен. Бір күні баласы:
- Әке, мен...

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса...

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі.
Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді.
...


Баяғыда бір аңқау есегіне мініп жолаушы шығады. Келе жатып  тауға шығарда есегін аяп жетектеп өтпекші болады. Бұны екі ұры  көріп есекті ұрламақшы болады. Екі ұры аңқауға білдірмей келіп,  біреуі есектің ноқтасын сыпырып жіберіп өзі киіп, аңқаудың артынан  жүріп отырады. Екіншісі есекті...

Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті.
-  Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,-деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.


Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ауын бір  ағаштың түбіне құрып қойып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі.  Арыстан: – Ей,  адам!  Кездеспей  жүр  едің,  бері  кел,  құлақ  сал  сөзіме,  сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді, маған сырттан қайрат ететін  көрінесің,...

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын  болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: – Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар  бір-бірлеп  арыстанның  халін  білуге  келді.  Арыстан  аңдардың біреуін де қайтармады....

Арыстан ауырып, бір апанда жатады, барлық аңдар оның халін  сұрап келіп жүреді. Бірақ түлкі келмеген еді. Қасқыр түлкіге наразы  болады да, соның үшін арыстанға келіп, түлкіні жамандайды: – Түлкі сені құрмет етіп, тым болмаса халіңізді сұрамады ғой, –  дейді. Арыстан ашуланып, түлкіні...

Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады.

Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен.  Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен  де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын  деп бір күні дөңге тұрғызып баласына жорта: – Балам,  көзім  жетіңкіремей  тұр,  анау...

Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір Байқал деген бай адам болыпты. Оның байлығына қоса, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді аузына
қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір» атаныпты.


Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен. Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді.

Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай...

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
- Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? - деп сұрайды түлкі жылмаңдап.
- Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.