Ағамның көңілін аулап… / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Аңыз әңгімелер
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Аңыз әңгімелер

Назад

Ағамның көңілін аулап…

Қожанасыр бір күні сабаққа келмей қалады. Ертеңіне оқытушысы 
Қожекеңді сұраққа алады.
– Кеше мектепке неге келмедің?
– Іс болып қалды.
– Қандай іс?
– Ағам тісін суыртқалы дәрігерге барған еді, соған бірге барған 
едім.
– Тіс суыртатын ағаң екен, сен неге бардың?
– Тісін  суырып  ауыртып  жатқанда,  есік  алдында  бақырып, 
ағамның көңілін аулап тұрдым, – депті Қожа.
1859