|
![]()
Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаАрыстан мен кісіБір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ауын бір
ағаштың түбіне құрып қойып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі.
Арыстан:
– Ей, адам! Кездеспей жүр едің, бері кел, құлақ сал сөзіме,
сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді, маған сырттан қайрат ететін
көрінесің, күшің артық болса құтыл менен, аузыма бір-ақ салайын
ба?
Адам айтады:
– Сенен күшім артық болмаса да сенімен айтысамын, егер күшті
болсаң анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт,
егер де өтіп кетсең мені жеп-ақ қой, арыстаным, – дейді.
Арыстан:
– Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші, – дейді. Адам аудың
астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп бар пәрменімен секіргенде
торға барып оралады. Сөйтіп, адам айласымен арыстанды торға
түсіреді.
|