|
![]()
В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаАрыстан, қасқыр һәм түлкіАрыстан ауырып, бір апанда жатады, барлық аңдар оның халін
сұрап келіп жүреді. Бірақ түлкі келмеген еді. Қасқыр түлкіге наразы
болады да, соның үшін арыстанға келіп, түлкіні жамандайды:
– Түлкі сені құрмет етіп, тым болмаса халіңізді сұрамады ғой, –
дейді. Арыстан ашуланып, түлкіні шақырып алады. Түлкі қасқырдың
жамандағанын сезеді де арыстанға айтады:
– Маған бекер ашуланасыз, мен сіздің ауруыңызды есіткен соң,
бір тыным тапқаным жоқ, сізге ауруыңызды жазатын дәрі іздеп
мазам кетті, міне жаңа ғана тауып келе жатқаным еді, – дейді. Сонда
арыстан қуанып кетіп:
– Ол не дәрі? – дейді. Түлкі айтады:
– Егер де тірі қасқырдың терісін сыпырып алып, жылыдай
жамылсаңыз дегенде, арыстан сөздің аяғын тыңдамастан, қасында
тұрған қасқырдың терісін бассалып сыдыра бастағанда, түлкі сөзін
айтып болмастан күліп, шығып жүре береді.
|