Ақ тиын мен қасқыр / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Ақ тиын мен қасқыр

Ақ  тиын  бұтақтан-бұтаққа  қарғып  жүріп,  ұйықтап  жатқан 
қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.
Ақ тиын жалынып:
– Мені жеме, жібер? – дейді.
– Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр 
уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиын:
– Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп 
сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиынды босатады. Ақ 
тиын ағаш басына шығып алып:
– Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан 
әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін 
де әр уақытта шат болып жүреміз, – депті.

3155