|
![]()
В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаЕсегіме ұқсайды екенсізБір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
- Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.
- Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.
- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың даусы арыстанның ақырғанынан да күшті», деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.
- Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр. Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя
беріпті. Сонда Қожанасыр:
Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - дейді.
|