Казахские сказки — Қазақ ертегілері
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Тұрмыс-салт ертегілері


Дүниені тегіс жаратып болған соң, жер мен көкті Жаратушы –  адамды, басқа мақұлықты өзінің алдына шақырыпты. Сондағы ойы  олардың әрбіріне бір түрлі мінез, дүниеде тұруына белгілі өмір беру  екен. Ең алдымен барған адам екен, оған айтыпты: – Сен адам, жаратушылардың ішінде сенің...

Ертеде бір жесір әйелдің бір ұл, бір қызы болыпты. Ішсе тамаққа,  кисе киімге жарымапты олар. Күндердің бір күні баласы шешесінен:  «Бақыт деген не?» –  деп сұрапты. – Е, балам, кімде-кімнің тамағы тоқ, көйлегі көк, уайымы жоқ  болса, басында панасы, ақыл айтар данасы...

Ақыл, Ғылым, Бақыт - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің.

Ертеде бір бай болыпты, байдың үш баласы болыпты. Бір заманда  бұл байдың шаруасы кеміп азая бастайды. Күннен-күнге күн көрісі  қиындап бара жатқан соң, байдың үш баласы ақылдасып кәсіп етуге  шығады.  Үлкен  баласы  айтады:  «Мен  Астраханға  барып  балық  кәсібін етемін»,...

Ертеде бір ақылды адам болыпты. Күндердің күнінде баласын  шақырып алып, бар ақылын үйретіпті. Ақылында: – «Балам!  Біріншіден  –  қатыныңа  сырыңды  айтпа,  екінші  –  ақымақпен дос болма. Үшінші – жаңа байығаннан қарыздар болма!» –   депті. Баласы әкесінің...

Бұрынғы  өткен  заманда  бір  кедейдің  үш  ұлы  болыпты.  Бүкіл  өмірі  байлардың  есігінде  өткен  кедей  өлерінде  үш  ұлын  қасына  алып отырып өсиет айтады: «Үйдің шығыс жағында бір жалмауыз  бай бар, соған өлсеңдер де жалданбаңдар», – дейді. Әкесі дүниеден қайтқан...

Ерте заманда бір кедей етікші болған екен дейді. Бала-шағасы  көп-көп болыпты, кедейліктен тұрмысы да ауыр болыпты. Күнелтіп,  бала-шағаларын асырау үшін, ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп  етік тігіпті. Сөйтіп, етіктер тігіп, аз ғана табысымен бала-шағаларын  асырап күн көріпті. Күндердің...

Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір  адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған  адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып  алыпты. Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің  сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын...

Баяғыда Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты. Бір күні Зерделі бір топ жолдастарымен жиһан кезіп келе жатып, бір қарияға кездесіпті. Сәлемдесіп, жөн біліскеннен кейін қария Зерделіге:
- Әкең Қазақбайды білуші едім.


Өткен заманда 18-ге келген бір ақын қыз ауыл-аймақ ішіндегі  бозбала,  жігіт-желеңге  өлеңмен  ұпай  салып  азар-ақырет  берсе  керек. Ел жігіттері алыс жердегі атақты ақын шалды ат-шапанын  беріп қызбен айтыстырмақ болып алып келеді, қыз мұнан хабарсыз  болады. Екеуіне арнайы қызойнақ...

Бұрынғы  өткен  заманда  Хасен  деген  патшаның  жалғыз  ұлы  болыпты.  Баласы  Ыдырыс  ел  аралап  жүріп,  Сәтбай  деген  бір  диханшының сұлу қызына ғашық болған екен. Қыздың аты Дүрия  екен. Бір күні Ыдырыс қыздың әкесіне сөз салып, кісі жіберіпті. Сәтбай: – Қызым барса да,...

Өткен  заманда  бір  саятшы  тор  құрып  қойса,  торына  кішкене  бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара  жатса, торғай тілге келіп былай депті: – Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң  құсастықпен  өлемін.  Онан  да  еркіме  қоя  бер,  еркін...

Ерте заманда Сырлыбек дейтіннің бір бөлек аулы Қызылқұмның  бір алқабына келіп қонып жатады. Әркім өздерінің баспаналарын  тігіп, азды-көпті азықтарын пісірісіп, кешкі астарын даярлайды. Сырлыбек басшының өз үйі осы топтың дәл орталығында болады  екен. Кешкі тамақтарын алдарына ала бергенде,...