|
![]()
Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Аңыз әңгімелер"Өлген" қазанБаяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол: - Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты.Абай сәл ойланып отырыпты да: - Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келіпті. Басына киген қызыл елтірінің жүнін сыртына қаратып, пұшпағынан байлап қойыпты. Абай оның басына қараса, Қиясбай: - Абай аға, сені білгіш дейді, менің басыма кигенім ненің терісі, тапшы? - депті. Абай күліп: Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: - Дауасыз не? арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған: - Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді. Абай риза болады. Қожанасыр бір күні сабаққа келмей қалады. Ертеңіне оқытушысы Қожекеңді сұраққа алады. – Кеше мектепке неге келмедің? – Іс болып қалды. – Қандай іс? – Ағам тісін суыртқалы дәрігерге барған еді, соған бірге барған едім. – Тіс суыртатын ағаң екен, сен неге бардың? – Тісін... Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып... Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады. Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті. - Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,-деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті. Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады. Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір Байқал деген бай адам болыпты. Оның байлығына қоса, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді аузына қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір» атаныпты. Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай... Қожанасыр көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады. Қожекең қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады. Иттің иесі жанжалдасып Қожаны қазыға алып барады. – Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді? – дейді қазы. – Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған... Қожанасыр бір күні шәкіртінен: – Бір пұт мақта ауыр ма, немесе темір ауыр ма? – деп сұрапты. Шәкірті ұстазының мұндай сұрауына ойланып: – Әрине, екеуінің салмағы бір болса керек, – депті. – Балам, сенің жауабың да дұрысқа ұқсайды, бірақ та бұл туралы әйелімнен сұрағанымда ол «темір... Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда, аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, көңіл айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні жетіпті. Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің... Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып: - Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады. - Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр. Қожанасырдан біреу: – Қожеке, осы жаңа ай туғанда, ескі айды не қылады? – деп сұрайды. Қожанасыр сонда: – Жаңа ай туғанда, ескі айды майдалап жұлдыз қылады да шырағым, – депті. Халық арасында Қазығұрт тауы қақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда,Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі. Қожекең қазы болып тұрған кезде: – Қожеке, сіздің қанша досыңыз бар? – деп сұрайды біреу. – Қазылықтан түскен соң айтпасам, қазір досымның есебі жоқ, – дейді Қожекең. Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне... Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезінде оқытушысы: – Қожанасыр, күн неше сағат? – деп сұрапты. – Бүгін күн жиырма бес сағат болса керек, – депті Қожа. – Жиырма төрт сағат емес пе? – деп жекіріпті оқытушы сонда. – Кеше «күн енді бір сағатқа ұзарады» дегеніңіз қайда, тақсыр! –... Қожанасырдың бір кісіде алашақ 5 теңгесі бар екен. Екі жылға толғанда алашағы есіне түсіп, берген кісісінен ақшасын алыпты да қарызға 5 теңге қосып алыпты. Бірақ ол кісі 5 теңгені қарызға берерінде: «Ертең тауып бер ақшамды, бермесең күніне 1 сомнан өсіп отырады»... Қожекең көшеде адасып жүрген бір қойды үйіне әкеп сойып алады және оны сыр ғып бір жолдасына айтады. Жолдасы Қожекеңе «кияметке барғанда не деп жауап бересіз?» - дейді. Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. Әйелі оған бір кесе беріп: - Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, – деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Қожанасыр бұрын ораза ұстамаған кісі екен. «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді ораза мезгілі жетті»,-деп, әйелі мазалай берген соң Қожанасыр келісіп, ораза ұстапты. Бірақ қарны ашқан соң Қожа күннің көзінің ауыл сыртындағы тауға жетіп жасырынуын шыдамсыздана күтетін болыпты. |