Казахские сказки — Қазақ ертегілері
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша


Ертеде  бір  кедей  болыпты.  Оның  бес  ешкі,  бір  қара  тоқтысы  және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың  қойына, атын байдың жылқысына қосады екен. Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны,  құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға...

Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:
– Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене:
– Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта...


Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін жібермейтін  кісі екен. Лепіре сөйлегенде, елді аузына қаратып, өтірікті шындай,  ақсақты тыңдай қылып, шімірікпестен соғып отырады екен. – Қаңтар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара жолақ  өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі...

Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда, аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, көңіл айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні жетіпті.

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. 


Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті.

Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің...

Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
-   Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.
-  Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.


Тасты  таудың  басында  ешкі  оттап  жүр  еді;  таудың  төменгі  жағында тамақ іздеп, аш қасқыр жүр екен. Тау басындағы ешкіні  көріп, қасқыр айтты: – Тау басында сен оттағандай шөп жоқ қой, онанда төмен түсіп,  жердегі тәтті, шырынды шөпті жесейші! Ешкі қасқырға айтты: –...

Ерте-ерте заманда бір бай болған екен. Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды. 

Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты, бұл кісіден аң,  құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні әлгі кісі  талдың түбінде жатқанда, барлық құстар жиылып, сол жерге түнемек  болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесіп: «Осы дүниеде жамандық  не себептен болады?»...

Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты, жалғыз-ақ ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты бір қызы болыпты. Қыздың сұлулығы сондай, қараған адам есінен танып қалады екен. Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге...

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:
- Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі.


Бұрын  ерте  заманда  хайуандар  жыл  басы  болуға  таласыпты.  Сонда жылқы айтыпты: – Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді  болса ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы  мал жоқ, жыл басы мен боламын, – дейді. Түйе айтты: – Сен адамның жұмысын...

Баяғыда бір кедей шал мен кемпір болыпты. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен.Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал мен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде шалдың кемпірі айдаһардың етіне жерік болыпты. Шал айдаһарды іздеп келе жатса, бір шаң көрінеді. 

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:
- О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.
...


Баяғыда Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты. Бір күні Зерделі бір топ жолдастарымен жиһан кезіп келе жатып, бір қарияға кездесіпті. Сәлемдесіп, жөн біліскеннен кейін қария Зерделіге:
- Әкең Қазақбайды білуші едім.


Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн...

Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.


Бегәлі сыншы ханға ат сынап беретін сыншы екен. Бірнеше рет ат сынап береді. Тағы бір күні ат сынауға кетеді. Ол кеткенде әйелі жүкті екен, жүкті әйелі Бегәлі кеткен соң, дүниеден өтеді. Бір күндері: «Әйелінің қабырынан бала шығып жүр», - деген сөз болады. Бегәлі әйелінің қабырынан бала шығып...

Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндерде ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді.

Халық арасында Қазығұрт тауы қақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда,Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі.

Қарға баласына: «Адам баласы біздің дұшпанымыз, сақ болыңдар,  екі шоқып бір қараңдар», – деген. Сонда баласы: «Екі шоқып бір  қарамай, бір шоқып екі қарағанда аштан өлеміз бе», – деген. Қарға: «Адам баласы ұратын тасын қойнына тығып жүреді» –   деген, сонда баласы айтқан: –...

Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:
- Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Ол құсты менің бас жағыма әкеп отырғыз. Таң атқанда ол құс мені сайраған даусымен оятсын. Ал, сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, бір жұмсақ...

Бір  қасқыр  тамақ  іздеп  жатып,  құрулы  тұрған  қақпанға  түсіп  қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып зорға құтылады. Қашып  бара жатқан қасқырды аңшылар көріп артынан қуа жөнеледі. Қасқыр  сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: – Қайтсеңде  мені  жасыр,  ұмытпаспын...