Казахские сказки — Қазақ ертегілері
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша


Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.

Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
-  Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты.Абай сәл ойланып отырыпты да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді.


Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келіпті. Басына киген қызыл елтірінің жүнін сыртына қаратып, пұшпағынан байлап қойыпты. Абай оның басына қараса, Қиясбай:
- Абай аға, сені білгіш дейді, менің басыма кигенім ненің терісі, тапшы? - депті. Абай күліп:


Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
-  Дауасыз не? арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
-  Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді. Абай риза болады.


Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты. Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс), біреуі мыстан істелген коңырау, біреуі ағаштан соққан ат ұстап кіріпті. Оларға патша:
-Бұл...

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты - Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан...

Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді.   «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып...

Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады.

Ақыл, Ғылым, Бақыт - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің.

Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып:
- Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылқыны қуып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма?


Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да, шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып тағам етіп күнелтеді екен. Бір күні баласы:
- Әке, мен...

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса...

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі.
Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді.
...


Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті.
-  Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,-деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.


Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады.

Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір Байқал деген бай адам болыпты. Оның байлығына қоса, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді аузына
қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір» атаныпты.


Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен. Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді.

Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай...

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
- Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? - деп сұрайды түлкі жылмаңдап.
- Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.


Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:
– Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене:
– Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта...


Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда, аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, көңіл айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні жетіпті.

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. 


Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті.

Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің...

Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
-   Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.
-  Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.