Қостаушы табылса, өтірік айтушы да табылады / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Қостаушы табылса, өтірік айтушы да табылады

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы 
болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген 
жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі 
бір  күн  кейін  жүріп,  сол  жөнмен  алдыңғы  өтірікшінің  айтқанын 
қостап, растап отырмақшы болыпты.
Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:
– Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:
– Ел аман, жұрт тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай 
көшіп бара жатқан ел көрдім, – депті. Ел нанбапты.
Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. 
Ауыл адамдары тағы да:
– Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше келіп, бір қонақ 
көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен деді, онан 
не білесің? – дейді.
Қостаушы:
– Болса болар, үйткені аспаннан анда-санда керегенің сағанағы 
түсіп  бара  жатқанын  көрдім, –  депті.  Бұл  өтірік  сонан  кейін  елге 
лақап болып таралып кетіпті.
...........................
309