Аңқау мен ұры / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Аңқау мен ұры

Баяғыда бір аңқау есегіне мініп жолаушы шығады. Келе жатып 
тауға шығарда есегін аяп жетектеп өтпекші болады. Бұны екі ұры 
көріп есекті ұрламақшы болады. Екі ұры аңқауға білдірмей келіп, 
біреуі есектің ноқтасын сыпырып жіберіп өзі киіп, аңқаудың артынан 
жүріп отырады. Екіншісі есекті алып кетеді, аңқау білмейді, өлең 
айтып  жүре  береді.  Біраздан  кейін  әлгі  ұры  тартынып  жүрмейді, 
аңқау артына қараса есектің орнына адамды көреді.- Бұл қалай, сен 
қайдан келдің? – деп, таң қалады.
Ұры:
– Сенің есегің болып жүрген мен кісі едім, бала кезімде тентек 
болдым, шешем есек бол деп қарғаған еді, мен есек болдым, мені 
сен  базардан  сатып  алдың.  Бүгін  шешем  жалбарынып  құдайдан 
сұраса керек, қайта адам болдым, – дейді.
Аңқау сеніп ұрыны босатып жібереді.

362