Қожанасырдың қарыз беріп, қарыз алуы / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Аңыз әңгімелер
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Аңыз әңгімелер

Назад

Қожанасырдың қарыз беріп, қарыз алуы

Қожанасырдың бір кісіде алашақ 5 теңгесі бар екен. Екі жылға 
толғанда  алашағы  есіне  түсіп,  берген  кісісінен  ақшасын  алыпты 
да қарызға 5 теңге қосып алыпты. Бірақ ол кісі 5 теңгені қарызға 
берерінде: «Ертең тауып бер ақшамды, бермесең күніне 1 сомнан 
өсіп отырады» – депті. Қожанасыр «құп» –  деп ертеңінде есінен 
шығып, айлар бойы қарызын бермей жүре беріпті. Ал ана кісі, бір 
күн өтсе «бір сом» –  деп, он күн өтсе «он сом» –  деп қарызының 
өсіп келе жатқанына қуанып, «100 теңгеге толғасын алайын», – деп 
жүре беріпті. Ақыры қарызының берген күніне 100 күн болғанда 
Қожанасырға келіп: «Қожеке, қарыз алғаныңа бүгін 100 күн, келісім 
бойынша 5 теңгеме 100 теңге қосып бересің», – депті. Қожекеңнің 
есіне қарызы жаңа ғана түсіп: «Құп, тілегің болсын, бірақ қарызың 
мен өсіміңді бидің алдына барып беремін», – депті. Бұл сөзді естіген 
ана кісі қуанып, Қожанасырды жер-көкке сыйғызбай мақтай беріпті. 
Сонымен ақшасын 105 теңгеге толтырған Қожанасыр кісісін ертіп 
биге жүгініпті де, 105 сом ақшасын тосып «Мына кісіге беріңіз»    – 
деп жайын айтыпты. Би тілегін орындап, «Тағы қандай арыздарың 
бар» –  дегенде, Қожанасыр: «Тақсыр, енді менің алашағым бар, бұл 
кісіде. Бұдан екі жыл бұрын 5 теңге қарыз алып еді, содан 100 күн 
бұдан бұрын берді. Күніне 1 теңгеден өсіп отырғанда, мен қанша 
аламын, соны төрелеп алып беріңіз», – депті. Ана кісі: «Ойбай, біз 
олай келіскеміз жоқ-ты» –  деп безектеп қоя беріпті. Төреші: «Жоқ, 
заңды шығарып жүрген өздерің, «өсім» дегенді шығарып. Сондықтан 
Қожекеңнің өсімін сен де бересің. Бір жылда 360 күн, екі жылда 
720 күн, 720 күннен 100 күн шығарғанда 620 күн қалады, – Қожекеңе 
620 сом бер. Бермесең зынданға 620 күнге салдырып қоямын», – 
деп үкім беріпті. «Зындан» –  десе зәресі кететін кісі «құп», – деп 
Қожанасырға 620 теңге беріпті.

951