|
![]()
В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Аңыз әңгімелерБетпе-бет келген өзінен көрсінҚожанасыр көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады. Қожекең
қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады. Иттің
иесі жанжалдасып Қожаны қазыға алып барады.
– Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді? – дейді қазы.
– Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған балтаның жүзін
жұмсадым. Егер ит мені аяғымен тепкенде мен де оны балтаның
сабымен ұрар едім. Бетпе-бет келген өзінен көрсін, қазыеке! – депті
Қожа.
|