Етікші / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Тұрмыс-салт ертегілері
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Тұрмыс-салт ертегілері

Назад

Етікші

Ерте заманда бір кедей етікші болған екен дейді. Бала-шағасы 
көп-көп болыпты, кедейліктен тұрмысы да ауыр болыпты. Күнелтіп, 
бала-шағаларын асырау үшін, ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп 
етік тігіпті. Сөйтіп, етіктер тігіп, аз ғана табысымен бала-шағаларын 
асырап күн көріпті.
Күндердің бір күні етікші қобдиын қолтықтап таныс емес бір 
ауылға  етік  тігуге  аттанады.  Бұрын  жүрмеген  жолы  болған  соң, 
етікші  адасып  кетеді.  Түн  де  болады.  Ақырында  етікші  далада 
жалғыз тұрған иесіз үйге кездеседі. Иесіз қыстаудың ішіне кіріп, 
етікші пешінің үстіне шығып, қобдиын басына төсеп жата кетеді.
Бір уақытта салдыр-гүлдір бір нәрсенің даусы шығады. Етікші 
есікке қараса маңдайында жарқыраған жалғыз көзі бар бір еңгезердей 
дәу кіріп келе жатыр екен.
Дәу  кірісімен:  «Пеш  үстінде  жатқан  қандай  адам?» –    дейді. 
Етікші:  «Бұл  етікші», –  дейді.  Дәу:  «А,  бізге  керек  шебер  ғой», – 
дейді. Дәу бұйырып: «Кәне, бері кел, шебер, мына үйге кір, ертең 
етік тігерсің, бүгін ұйықта», – дейді де бір бөлмеге кіргізеді. Дәудің 
өзі есіктің алдына жатып ұйқыға кіріседі.
Етікші ішінен: «Енді өмірім жойылды, өліп кетсем бала-шағамды 
кім асырар екен», – деп үрейленеді. Одан кейін етікші, дәу қолынан 
өлгенше, дәуді өлтіріп өлейін деп, өткір пышағын алып әзірлейді. Дәу 
ұйқыға кетті-ау деген кезде, етікші пышағымен дәудің жалғыз көзін 
түйреп алады. Дәу бақырып: «Ер болсаң екі соқ» дейді, етікші бір 
де жетер деп, дәудің үстінен аттап өтіп, есікті ашып сыртқа шығады. 
Дәу табанда өлген екен дейді. Етікші сыртқа шығып, иесіз үйдің 
төбесіне шығып түнейді. Таң атқан соң дәудің үйін аралп қараса 
бір қараңғы жерінде сандық тұр екен. Етікші темір сандықты азар 
дегенде ашады. Оның іші толған алтын-күміс болады. Бұдан кейін 
етікші көтергенінше алтын алып, кері ізімен үйіне қайтады.
Үйіне  келіп,  бұл  алтындардан  керегін  алып,  барша  мұратына 
жеткен екен дейді.
Етікшіні балалары өскесін асыраған екен дейді.

192