Торғай мен адам / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Тұрмыс-салт ертегілері
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ..Тұрмыс-салт ертегілері

Назад

Торғай мен адам

Өткен  заманда  бір  саятшы  тор  құрып  қойса,  торына  кішкене 
бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара 
жатса, торғай тілге келіп былай депті:
– Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң 
құсастықпен  өлемін.  Онан  да  еркіме  қоя  бер,  еркін  кең  дүниеге 
жібер, мен сізге екі ауыз өсиет айтайын, – депті.
– Кәне, әңгімеңді айт, – депті адам.
– Жарайды, бір ауызын қолыңда, бір ауызын жерге түскен соң 
айтайын. Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда өкпем қысылып ештеңе 
айта алмаймын, – депті торғай. Аңшы босатыпты.
– Бірінші – өткен іске өкінбе; екінші көзбен көрмей сенбе! – депті. 
Торғай анадай жерге қонып отырып:
– Сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар 
еді, – дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты. 
Торғай әр жерге ұшып-қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң 
адамға былай дейді: «Менің жаңа айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің 
ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме 
ондай зат қалай сияды? Бұл бір. Екінші – мен саған ұстатпаймын, 
қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе», – деп ұшып кетіпті.

958