Қасқыр мен түлкі / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Қасқыр мен түлкі

Қасқыр  мен  түлкі  келе  жатып  бір  жартастың  үстіне  шығады, 
қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз 
қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр:
– Түлкім-ау, неге ішің тартасың? – дейді. Түлкі:
– Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. 
Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жартастан әкең баяғыда 
секіріп еді, баласы әкесіндей секіре алады дейсіз бе, – дейді. Қасқыр 
оған  сеніп  «мені  де  сынап  көрші,  секірейін», –  деп  жартасқа  үш 
келіп, үш рет қайтады. Түлкі сақылдап күледі. Қасқыр сұрайды:
– Неге күлдің? – деп. Түлкі:
– Атаңа тартқаныңа күлемін, дәл сен сияқты үш келіп, үш кетіп, 
төртіншіде секіріп еді, – дейді. Түлкіге сеніп, төртіншіде жартастан 
секіргенде қасқыр байғұстың құлап түсіп, белі сынады. Досының 
құлағанын  көріп,  түлкі  артынан  келіп,  көтеншегін  суырып  алып, 
мырс етіп күледі. Қасқыр:
– Неге күлдің, түлкім? – дейді. Түлкі:
– О,  ақымақ!  Баяғыда  әкеңді  де  мақтап-мақтап  секіртіп, 
көтеншегін суырып жепем, – дейді.

1395