Түлкі мен тауық / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Түлкі мен тауық

Бір түлкі жортақтап тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында 
тұрған тауықты көреді де бұл тауықты алдап қапқаныма түсірейін 
деп ойлайды. Түлкі:
– Тауығым, неге отырсың биікте? Жерге түс, тілімді алсаң, дос 
болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап-күлейік, – дейді.
Тауық:
– Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, 
анау жерде имам жатыр, оята ғой, – дейді.
Түлкі қуанып кетіп, биіктегі тауықты жей алмасам да жердегі 
тауықты жеймін ғой, – деп жүгіріп барса, бір тазы ұйықтап жатыр 
екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнеледі, тауық оны намазға 
шақырады:  «Байтал  түгіл  бас  қайғы».  Тазы  түлкіні  қуып  жетіп, 
алқымынан  алады.  «Біреуге  ор  қазба,  өз  басыңа  келер»  деген. 
Япырмай, тауық қандай, түлкі қандай, түлкіні тауық па еді алдағандай. 

981