Қасқыр мен кісі / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Қасқыр мен кісі

Бір  қасқыр  тамақ  іздеп  жатып,  құрулы  тұрған  қақпанға  түсіп 
қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып зорға құтылады. Қашып 
бара жатқан қасқырды аңшылар көріп артынан қуа жөнеледі. Қасқыр 
сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады:
– Қайтсеңде  мені  жасыр,  ұмытпаспын  жақсылығыңды,  мені 
қабыңа салып арқалап жүре бер, – дейді. Қасқыр жылап тұрған соң, 
егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей, 
аңшылар мылтық, қылышын жырқылдатып жетіп келеді. Кісіден 
сұрайды:
– Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп. Кісі:
– Жаңа  бір  қасқыр  анау  шоқыдан  қашып  өтті,  тезірек 
ұмтылыңдар, – дейді. Аңшылар асып кеткеннен кейін, егінші қаптың 
аузын шешіп, қасқырға жөніңе бар, маған да бір жақсылық етерсің 
дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге «мен сені жеймін, 
қарным  ашты»  – деп  тап-тап  береді.  Егінші  байғұс  сасқалақтап: 
- Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып
едім, жақсылыққа жамандық ете ме екен, олай болса төрлетейік 
қайсыміздікі жөн екен, - дейді. 
  Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар 
түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып шығады. Түлкі:
- Жоқ, сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер,
дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған
өтірік дейді. Қасқыр мен кісі бұл рас деп керісіп болмайды. 
Түлкі қасқырға: 
- Қапқа кірмей сенбеймін, - дейді. Қасқыр сендірмекші боп қапқа
кіргенде, түлкі егіншіге байла қаптың аузын, енді қимылдамаймын
кезің келді, қане, мен көрейін, күзді күні егінді қалай соғып жүрсің - 
дейді. Егінші қүралын алып қасқырды ұра бастайды. Түлкі:
- Енді қаптың аузын аш, -  дейді. Қасекең алды артына қарамастан 
шыға жөнеледі. Артынан түлкі көптен бері істеген бір әділ төрем 
еді, - деп сақ-сақ күліпті. Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен 
ажалдан құтылыпты.
998