Арыстан мен кісі / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Арыстан мен кісі

Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ауын бір 
ағаштың түбіне құрып қойып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі. 
Арыстан:
– Ей,  адам!  Кездеспей  жүр  едің,  бері  кел,  құлақ  сал  сөзіме, 
сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді, маған сырттан қайрат ететін 
көрінесің, күшің артық болса құтыл менен, аузыма бір-ақ салайын 
ба?
Адам айтады:
– Сенен күшім артық болмаса да сенімен айтысамын, егер күшті 
болсаң анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт, 
егер де өтіп кетсең мені жеп-ақ қой, арыстаным, – дейді.
Арыстан:
– Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші, – дейді. Адам аудың 
астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп бар пәрменімен секіргенде 
торға  барып  оралады.  Сөйтіп,  адам  айласымен  арыстанды  торға 
түсіреді.

613