|
![]()
Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаҚасқыр мен қозыҚасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып
су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды.
Қасқыр қозыға айғайлап:
– Мен ішетін суды неге былғадың! – деді. Қозы:
– Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын. Сен судың
жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған
бармайды ғой, – деді.
Қасқыр тағы айғайлап:
– Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың, – деді.
– Қасеке, мен қалайша сенің әкеңді қорлаймын, өткен жылы
тумаған да едім. Қасқыр ашуланып:
– Әдепсіз, неге қарсы сөйлейсің! – деп, қозыны сол қалпында
жеп қояды.
|