Түлкіден де қу бір қаз / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Түлкіден де қу бір қаз

Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі 
аяғымен  басып  тұрып,  мазақ  қылып,  қазды  біраз  азаптайын  деп 
мұртынан күліп айтыпты:
– Ә, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің? – депті.
Қаз сәл ойланып тұрып:
– Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп тұрып, 
екі аяғыңды кеудеме қойып, көзімді жұмып:
– Ә, құдай, бергеніңе мың шүкір! – дер едім де, – сені жеп қояр 
едім, – депті.
Түлкі:
– Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай қылып жейін 
депті  де,  қазды  тістеп,  өзі  шоңқиып  отырып,  алдыңғы  екі  аяғын 
кеудесіне алып, молдадай көзін жұмып:
– Ә, құдай… – дей бергенде, қаз қанатын қағып қалып, қаңқылдап 
ұшып кете беріпті.
Түлкі:
– Ә, құдай… – деген күйінде аузы аңқиып, шоңқиып қала беріпті.
549