|
![]()
В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаТүлкі мен қырғауылБір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында
отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:
– Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл:
– Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі:
– Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші
еді? – дейді. Қырғауыл:
– Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп
қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі:
– Әй, достым, биылғы заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана
келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен
қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
Қырғауыл:
– Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет, достым! Мына жақтан
бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, –
дейді. Ит деген сөзді есіткен соң, түлкі алды-артына қарамастан
қаша жөнеледі. Қырғауыл:
– Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі:
– Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.
|