|
![]()
В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаАқ тиын мен қасқырАқ тиын бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан
қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.
Ақ тиын жалынып:
– Мені жеме, жібер? – дейді.
– Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр
уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиын:
– Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп
сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиынды босатады. Ақ
тиын ағаш басына шығып алып:
– Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан
әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін
де әр уақытта шат болып жүреміз, – депті.
|