Арыстан мен түлкі / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Арыстан мен түлкі

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын 
болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
– Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар  бір-бірлеп  арыстанның  халін  білуге  келді.  Арыстан 
аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.
Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
– Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрады.
– Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, 
бір азырақ сөйлесейік? – деді арыстан.
Түлкі:
– Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, 
шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.

544