|
![]()
В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаТүлкі мен жолбарысБұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты:
– Мен мына жардан құлап кетермін, сен түлкі, менен төмен жат, – депті.
Сөйтіп, түлкі жолбарыстың аяқ жағына жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып:
– Әй, жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат! – депті.
Жолбарыс жылжи бере, жардан құлап кетіпті. Құлап барып, өліп қалыпты.
|