Күн астындағы Күнікей қыз / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Күн астындағы Күнікей қыз

 Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндерде ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір күндері шешесіне келіп:
-        Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Осы шұбар киікті ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді? - дейді. Шешесі:
-        Ұстай алсаң, алып бар, хан сыйлық берер, - дейді. Бір күндері бала далада ешкілерін жайып жүріп, алтын мүйізді шұбар киікті тағы да көреді. Сол арада бала әлгі шұбар киікті ұстап алады. Ханға алып жүреді. Ханға апара жатқанда, ханның үйінің жанында уәзір көреді де:
-        Мұныңды ханға апармай-ақ қой, маған сыйлап кет, - дейді. Бала:
-        Жоқ, саған әкеле жатқаным жоқ, ханның өзіне апарам, - деп уәзірге бермейді. Бала алтын мүйізді шұбар киікті ханға тарту қылады. Хан уәзірін шақырып алып:
-        Бұл баланың тартуына сыйлық беруге бола ма? - дейді. Сонда уәзір:
-        Жоқ, бұған сыйлық беруге болмайды. Бұл киіктің астына қоятын бір тақ болады, оның екі қанаты болады: бірі алтын, бірі күміс. Бірі алтын суына малынған, бірі күміс суына малынған. Киік сол алтын тақтың үстінде тұрып ойнағанда, дүниенің қызығын көргендей боласыз. Сіздің салтанатыңыз сонда келіседі. Бала соны тауып әкелсін, сонда сыйлық беруге болады, - дейді. Сонда хан балаға:
-        Бұл киіктің астына қоятын тағы болады, оның екі жағында екі қанаты болады. Екі қанатының бірі алтын, екіншісі күміс суына малынған. Соны тауып кел. Сонда сыйлық беремін, ал таба алмасаң, басыңды аламын, дейді. Бала мұны естіп, жылап шешесіне келеді. Шешесі:
- Ойбай, балам! Бұған бола жыламай-ақ қой, өзім іздеп тауып әкелейін, - деп жолға шығады. Бір жерлерге келсе, бір топ киік далада жайылып жүреді. Топ киіктің ар жағында жердің жарығын жамап бір кемпір отыр екен, бұған келіп, жұмысының мәнін айтады. Сонда жер жамап отырған кемпір:
-        Мысыр шаһарының бер жағында бір шаһар бар. Киіктің тағын істесе, сонда істейді, баланың қолына мың діллә беріп, соған жібер, - дейді. Сонан баланың шешесі үйіне қайтып келіп, барлық дүние-мүлкін беріп, ешкілерінің барлығын да беріп, оның үстіне өзі неше жыл мал бағуға бір байға жалданыпты. Сөйтіп, баласына мың діллә құрастырып береді. Бала мың ділләні алып, киік астына қоятын тақты жасайтын Мысыр шаһарының жанындағы шеберге жүреді. Бірнеше күн жүріп, шеберге келеді. Бала шеберге келіп, осындай киік астына төсейтін тақты істетуге келгенін айтады. Сонда шебер:
-        Мың діллә берсеңіз, істей аламын, - дейді. Сонымен мың ділләсін шеберге беріп, киік астына қоятын тақты істетіп алып, бала үйіне қайтады. Келе жатса, жолында бір үлкен бәйтерек тұр екен, оның түбіне келсе, екі құдық бар екен, біріншісінде алтын су, екіншісінде күміс су бар. Бала сол арада алып келе жатқан тақтың бір қанатын алтын құдыққа, екінші қанатын күміс құдыққа малып-малып алады. Бала тақты алып, үйіне келеді. Ертеңінде ханға алып барады. Айтқанындай тақты баяғы алтын мүйізді шұбар киіктің астына қойғанда, киік ойнап, сән-салтанатын келтіріп тұрады. Хан уәзірін шақырып алып, ақылдасады. Сонда уәзір:
- Жоқ, тақсыр. Мұнысына да әлі сыйлық беруге болмайды. Енді пәлендей жер астында өскен бір сұлу алтын ағаш бар, соны әкеліп сіздің есік алдына орнатса, сән-салтанатыңыз мұнан әрі келісер еді. Бала соны тауып әкелсін, есік алдына орнатсын. Сол уақытта сыйлық беруге болады, - дейді. Сонда хан:
- Сол жердің астында өскен алтын ағашты әкеліп,менің есігімнің алдына орнат, сонда сыйлық беремін, - дейді. Бала тағы да алтын ағашты іздеп кетеді. Бірнеше күн жол жүріп, бір жерлерге келсе, алдынан бір ақ сақалды шал шығады. Бала өзінің іздеп келе жатқан жұмысының мән-жайын әлгі шалға айтады. Ақ сақалды шал:
- Осы бетіңмен жүре бер. Бір жерлерге барғанда биік тауларға кездесесің. Таудың бауырынан бір қоян қашар, сен сол қоянды қуа бер, ол қоян барып бір жердің үңгіріне кірер. Сонда ол сол жақтағы үңгірге кірер, сен оң жақтағы үңгірге кір. Сонда қырық ұрыға кездесерсің, олар сені «өлтіреміз» дер, сонда сен: «Мен әп-сәттің ішінде ет пісіре аламын», - де. Сол уақытта қырық ұры саған ет пісіртіп, қарап тұрар. Сен етті қазанға салып, мына кездікпен түртіп калсаң, ет өзінен-өзі пісіп шығады, - деп балаға бір күміс сапты кездік береді. - Сонымен бірнеше күнге дейін сонда ет пісіруші болып жүресің. Қырық ұры сені үңгірге тастап, өздері сыртқа шығады. Сол уақытта түкпірдегі бір ак сандыққа көзің түсер. Сол ақ сандықты ашсаң, ішінде бір көк сандық бар, соны ашсаң, ішінде қағазға ораулы дәріні көрерсің. Сол дәріні ал да, пісулі тұрған етке сал. Сол уақытта қырық ұры кезек-кезек келіп, есік алдында өле береді. Сонан кейін сол үңгірдің ішін аралап жүрсең, іздеген алтын ағашың сонда тұрар. Сен сол арада алтын ағаштың бұтағынан қысып, қолыңмен ұстарсың. Екі аяғыңмен ағаштың түпкі тамырын басып, екі көзіңді жұмсаң, сонда таң ата ханның есігінің алдына ағаш өзі келіп орнар, - дейді. Бала шалдың айтуымен жүріп келе жатса, таудың үңгірінен бір қоян қашады. Бала қашқан қоянды қуа береді. Қоян бір жердің үңгіріне кіреді, бала да кіріп кетеді. Айтқанындай, үңгірде екі тесік кездесіп, қоян сол жақтағы үңгірге кіріп кетеді, бала оң жақтағы үңгірге кіріп кетеді. Үңгірдің ішіне кіріп келсе, балаға қырық ұры кездеседі. Бұлар баланы өлтірмекші болады. Сол арада бала лезде ет пісіре алатынын айтады. Бала етті қазанға салып, баяғы шал берген кездікпен етті түртіп қалғанда, ет өзінен-өзі пісіп болады. Сонымен олар баланы өлтірмейтін болып, ет пісіруге қояды. Бала бірсыпыра уақыт сол қырық ұрыға ет пісіріп жүреді. Бір күндерде бала ұйықтап жатса, бүйірінен баяғы ақ сақалды шал түртіп: «Етке тойған соң ұмыттың ба?» - дейді. Бала оянса, түсі екен. Сол арада ойлап тұрса, баяғы шалдың айтқандары есіне түседі, жан-жағына қарайды. Шал айтқанындай, бір бұрышта ақ сандық тұр екен. Жалма-жан кілтті іздеп тауып алып, ақ сандықты ашса, ішінде көк сандық бар екен. Оның ішін қараса, қағазға ораулы дәріге көзі түседі. Бала дәріні алып ұрылардың сыртқа шығуын аңдиды. Бір күндері қырық ұры тесігінен сыртқа шығады. Бала жалма-жан етті пісіреді де, дәріні етке шашып жібереді. Сол арада қырық ұры бірінен соң бірі, кезек-кезек есік алдына келіп, топырлап өле береді. Бала жан-жағына қарап, үңгірдің ішін еркіндікпен аралап жүрсе, жер астында жалғыз өсіп тұрған ағашты көреді. Сол арада алтын ағашты қолымен мықтап ұстайды да, екі аяғымен түпкі тамырын басып, екі көзін жұмады. Бала көзін ашып қараса, таң сарғайып атқан, алтын ағаштың хан есігінің алдында тұрғанын бір-ақ көреді. Таңертең хан уәзірлерімен алтын ағашты көреді. Бұрынғы бұрынғы ма, ханның салтанаты тіпті артып кетеді. Алтын қанатты тақтың үстінде алтын мүйізді шұбар киік ойнап тұрады. Мұны көріп хан балаға риза болып, сыйлық беруге барлық уәзірлерін шақырып алып ақылдасады. Баланың бүйтіп бақыты артқанын көре алмай, уәзірлері күндейді. Сонда уәзірлері жиылып ақылдасады: «Ханға айтып бұл баланы тағы да бір келмейтін жерге жұмсайық. Бәлендей алыстағы, күн астындағы Күнікей қызды тапсын. Мұны болса да таба алмай өледі, енді оны іздеп барушылардың өлмей қайтқаны жоқ. Баланы сонда жіберейік», - дейді. Хан уәзірлерімен ақылдасады:
- Кәні, балаға қандай сыйлық береміз? - дейді. Сонда баяғы уәзір тұрып:
- Тақсыр, сіз өзіңіз болсаңыз қартайдыңыз. Сізде перзент жоқ. Біздің ойымызша, қартайған шағыңызда сізге серікке жарайтын пәлендей жерде, күн астында Күнікей деген қыз бар. Бұл бала сол қызды тауып әкелсін, сонда мықтап сыйлық беруіңізге болады, - дейді. Хан тағы да балаға:
-        Сол күн астындағы Күнікей қызды тауып әкел, сыйлықты сонда беремін, - дейді. Бала Күнікей қызды іздеп кетеді. Бірнеше күн жүріп келе жатса, алдынан екі алақанына екі тауды салып жүрген бір дәу кездеседі. Бала бұл дәуден жөн сұрайды, сонда дәу:
-        Күн астындағы Күнікей сұлуды іздеп бара жатқан бала сен болсаң, мен жолдас болғалы жүрмін, - дейді. Бала:
 
11049