|
![]()
В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)
|
Казахские сказки — Қазақ ертегілері / ҚазақшаКерқұла атты Кендебай- Бүгін қара бие құлындайды. Бұл тоғызыншы құлындауы. Құлындаған күні түнде құлын жоқ боп кетеді. Бүгін осы биені өздерің күзетіңдер. Не болғанын көздеріңмен көріңдер, - дейді. Мұны Кендебай естіп тұрады. Кешке ханның екі баласы биені күзетуге барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады. Біраздан кейін ханның екі баласы қорылдап ұйықтап қалады. Кендебай ұйықтамай отыра береді. Таң біліне берген кезде, бие алтын құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын туады. Бір кезде аспаннан бір бұлт түйіліп келеді де, құлынды көтеріп ап жөнеледі. Кендебай шап беріп құйрықтан ала түседі. Кендебайдың қолында алтын құйрық жұлынып қала береді. Кендебай алтын құйрықты қойнына тығып, ұйықтап қалады. Ертеңіне таңсәріден хан екі баласын
шақырып алып, не көргендерін сұрады. Балалары тұрып:
- Бие құлындаған да жоқ, ешнәрсе болған да жоқ, - деп жауап береді.
Хан тағы да таңқалып отырғанда, Кендебай есіктен кіріп келіп:
- Дат, тақсыр! - дейді.
- Датың болса, айт! - дейді хан ақырып.
- Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие бір алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды. Аспаннан бір бұлт түйіліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды алып кетті де, құйрық менің қолымда қала берді, - дегенде, сөздің аяғын күтпей:
- Құйрық қайда? - деді хан.
- Тақсыр, сабыр етіңіз. Мен алтын құйрықты пайда қылғым келсе, сізге айтпаймын ғой, міне, құйрық, - деп Кендебай құйрықты қойнынан суырып алғанда, үйдің іші жап-жарық болып кетеді. Ханның балалары ұялып жерге қарайды.
- Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып келіңдер. Таба алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер! - дейді хан. Кендебай өзеннен өтіп алып, құйрықтың қылын тұтатқан кезде Керқұла ат жетіп келеді. Құла атты мініп алып, қару-жарақты іліп алып, сауыт-саймандарды киіп алып, Кендебай жөнеп береді. Бір жерлерге келгенде ат тағы тоқтайды да, Кендебайға: «Анау жалыны аспанға шығып жатқан от дариясы. Сенің баратын жерің сол дарияның ар жағында. Қазір көзіңді жұм. Мен аш дегенше ашпа. Көзіңді ашсаң, екеуміз де өлеміз», - дейді. Кендебай көзін жұмады. Сонымен ұша береді, ұша береді. Бір кезде ең әуелі ыстық лепті, одан кейін ысылдаған желді сезді. Талай уақыт өткеннен кейін: «Аш көзіңді!» - дейді Керқұла ат. Кендебай көзін ашып жіберсе, үлкен дарияның ортасындағы аралға келіп түскен екен. Аралда алтын құйрықты сегіз құлын, құйрығы жоқ бір құлын алтын науадан су ішіп тұр екен. Керқұла атқа тағы да тіл бітіп: «Аспанмен тірескен анау бәйтеректің басында самұрық құстың ұясы бар. Ол алты айда бір рет азық іздеп кетеді де, он бес күнде кері айналады. Қазір ол азық іздеуге кетіпті, оның қайтып келуіне әлі алты күн бар. Біз оның қолына түспес үшін алты сағатта алты айлық жол алуыңыз керек. Менің үстіме мін де, алтын науаны алдыңа өңгер. Құлындар, алтын науадан қалмай, біздің соңымызға ереді де отырады. Біз құлындарды соңымыздан ертіп отырып манағы от дариясынан тікелей өте алмаймыз, айналып жүруіміз керек. Біздің келердегі қысқа жолымыздың кетерде алыс болып отырғаны да сол. Бұл жолымызда үш бөгет бар. Ең әуелі жеті басты дәу кездеседі, ақырған арыстанға жолығамыз, содан кейін жәдігөй кемпір байланысады. Ал, уақыт оздырмай жүрейік», - дейді. Кендебай алтын науаны Керқұла атқа өңгеріп алып, жөнеліп береді. Барлық құлын оның соңынан ереді. Бір уақытта алдарынан бір үлкен тау көрінеді. Тау теңселіп, қозғалып бұларға қарай жақындап келеді. Бұл жеті басты дәу еді. Кендебай алтын науаны жерге қояды. Құлындар науаға иіріліп тұра қалады. Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың барлық шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша ағып өтіп бара жатып, салып кетеді. Дәудің бір басы ұшып түседі. Кейін қарай шауып, тағы соғып өткенде, екінші басы ұшып кетеді. Осылай ерсілі-қарсылы жеті өтіп, жеті рет соққанда жеті басы бірдей ұшып кетіп, дәу төңкеріле құлайды. Кендебай дәудің көзін ойып, қоржынға салып алады. Кендебай қайтып келіп, алтын науаны өңгеріп, құлындарын ертіп, жүріп кетеді. Екпініне шаң ілеспей, әйт дегенде, алты қырдан бір-ақ асып, Керқұла ат зымырап келеді. Бір кезде алыстан арыстанның ақырған дауысы естіледі. Кендебай бұл жолы Керқұла атты құлындардың қасына қаңтарып тастап, дауыс шыққан жаққа жаяу жүре береді. Ілгері екі-үш аттағанда, бір леп Кендебайды тартып ала жөнеледі. Бір уақытта Кендебай арыстанның апандай аузын көреді. Кендебайды тартып жатқан соның лебі екен. Кендебай алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды. Алмас қылыш арыстанды екі бөліп, Кендебайды ар жағына бір-ақ түсіреді. Кендебай арыстанның азуын қағып алып, тағы жүріп кетеді. талай белестер, талай таулар бұлдырап артта қалып барады. Бір кезде жер дүниені қап-қара тұман басып кеп кетеді. Тек алтын құйрықтардың сәулесі ғана бұлардың жолын жарық қылып көрсетіп тұрады. Сол екі арада қараңғылық серпіліп жүре бергенде, сылаңдаған бір сұлу қыз шыға келеді. Кендебай атынан түсіп қызға қарсы жүреді. Қыз мұның бетіне ұзақ қарайды да:
|