Ер төстік / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Ер төстік

 
Көп уақыт жол жүргеннен кейін, Төстік егеу жатқан жерге келеді. Келсе, егеудің қасында кемпір отыр. Ер Төстік жақындай түсіп: "Шеше, шеше артыңдағы қыздардың бәрі өзіңдікі ме?" - дейді. Сонда кемпір артына жалт қарайды. Сол мезгілде Шалқұйрық бетегеден биік, жусаннан аласа бола береді. Төстік те егеуді іліп алып жөнеледі. Сонда кемпір: "Сен бе едің, Төстік, алдаған? Сені ме, Төстік, қап, бәлем!" - деп, тамағы қырылдап, өкпесі сырылдап, қатты сасып, етегін басып, Төстікті қуа жөнеледі. Төстік қашып келеді. Кемпір қуып келеді. Бір мезгілде тау қаңбақтай ұшады, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына қазандай тас орала кетеді. Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай, қара жер қақ айырылады. Шалқұйрық пен Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.
 Сол кезде Шалқүйрыққа тіл бітіп:
     - Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қалдырып, өзің ордаға кіресің. Ордаға кіргеніңде, есіңде болсын: екі босағадан, екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, олар - жылан Бапы ханның есігін күзеткен құлдары. Төр алдына бара бергеніңде, екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі де жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады, қойныңнан кіреді, қонышыңнан шығады. Бүлар — жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады. Төрге отыра бергеніңде, дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді, одан да сескенбе. Бұлар - жылан Бапы ханның өзі мен әйелі. Егер де бұлардан сескенсең, сені Ер Төстік демейді, жер астының еліне қадіріміз болмайды, жер үстіне жол тауып шыға алмай қаламыз,- дейді. Біраз жер жүрген соң, Шалқұйрық айтқандай, жылан Бапы ханның ордасы көрінеді. Төстік Шалқұйрықты анадай жерге қалдырып, сәлем беріп, үйге кіреді. Екі босағадағы екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді. Төстік одан сескенбейді. Төр алдына бара бергенде, екі сұр жылан ысылдап келіп, Төстіктің жеңінен кіріп, қойнынан шығады, қойнынан кіріп, қонышынан шығады. Төстік олардан да сескенбейді, төрге шығып отыра береді. Бір мезгілде төсектегі екі сары жыланнң бірі үлкен кісі болады да, бірі соның бәйбішесі болады.
      - Жақсы келдің, Ер Төстік! Жер астындағы ел де сені ренжітпейді, - дейді. Сұр жыланның бірі жігіт, бірі әдемі қыз болып кетеді. Олар да:
     - Жер үстінің Ер Төстігі, жер астына жақсы келдіңіз. Жер астының алыптары, өнерпаздары сенің шылауыңда болады, - дейді. Босағадағы екі қара шұбар жылан екі құл болып кетеді. Төстіктің алдына келіп, қол қусырып тұрады. Төстік жылан Бапы ханның елінде ұзақ уақыт тұрады. Жылан Бапы ханның Темір хан деген ара ханы бар екен. Темір ханның қызын жылан Бапы хан сұрап, неше рет кісі жіберсе де, Темір хан қызын бермей қойған екен. Жылан Бапы хан Төстікті соған жұмсайды. Темір ханның қызын әкеліп берсе, Төстікке өз қызын беретін болып уәде қылады Төстік жылан Бапы ханға Темір қызын әкеп бермек болып жолға шығады. Темір ханның елі жеті айлық жер екен. Төстік елсізбен келе жатса, алдынан бір адам көрінеді. "Бұл не қылған адам?" - деп абайласа, әлгі адам ағаштың басында отырған екі сауысқанның құйрығын білдірмей жұлып алады да, білдірмеген бойымен бірінің құйрығын біріне қондырып қояды.
      - О, неғып жүрген жансың? - деп Төстік қасына жетіп келеді.
      - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген адам едім, - дейді әлгі кісі.
      - Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді? -  дейді Төстік.
    - Алғанда адамға сездірмейтін асқан епті едім. Жан-жануарлардың сағы сауысқан болса, құйрықтарын ұрлап алып, бірінің құйрығын біріне кигізгенімді сезбей қалады, - дейді кісі.
    - Жарайды. Ендеше, сол іздеген Төстігің мен боламын, - дейді Төстік. Екеуі жүріп келеді. Тағы елсізбен келе жатса, жолдарында бір адам көрінеді. "Неғып жүрген адам?" - деп, байқаса, киіктерді матап жүрген адам екен. Екі аяғына байлап жүрген қазандай қара тасы бар. Сол тастарымен жүріп, қашқан киіктерді құтқармайды.
     - О, неғып жүрген адамсың? - деп екеуі қасына жетіп келеді.
     - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті деп естіп, соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын, - дейді кісі.
     - Жолдас боларлықтай қандай өнерің бар адамсың? - дейді Төстік.
     - Мен аяғыма шаң жұқпас жүйрікпін, ұшкан құс, жүгірген аңның менен құтылатыны жоқ. Киіктерді куғанда, өз екпініммен ағып өтіп, киікті ұстай алмайтын болған соң аяғыма қазандай қара тас байлап алып қуамын, сонда екпінім
 басылыңқырап, киіктерден ағып өтіп кетпей, дәл жетіп ұстаймын. Желаяқ деген жүйрікпін, - дейді кісі.
    - Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын, - дейді Төстік. Сөйтіп, үшеу болып жүріп келеді. Бұлар келе жатса, бірталай күннен кейін елсізде тағы бір адам көрінеді. "Не қылған адам екен?" - деп байқаса, әлгі кісі біресе жерге оң құлағын төсейді, біресе сол құлағын төсейді, жер астынан бір нәрсе тыңдаған сияқты болады.
     - О, неғып жүрген адамсың? - деп, үшеуі қасына жетіп келеді.
     - Жердің үстіндегі Ер Төстік жердің астына түсті дегенге, соньң жолдасы болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын, - дейді кісі.
     - Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді? - дейді Төстік.
    - Жер астының атақты тыңшысымын. Қандай жасырын әңгіме болса да тыңдап біліп аламын, менде жасырын сыр болмайды. Алыстағыны, жақындағыны түгел есітетін Саққұлақ деген ер боламын, - дейді.
   - Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын, - дейді Төстік. Сөйтіп, төртеу болып жүріп кетеді. Бұлар елсіз түзде келе жатса, алыста бір тау көрінеді, ол таудың үстіне тағы бір тау шыққандай болады. Жақындап келіп қараса, бір адам тауды олай да көтеріп қояды, бұлай да көтеріп қояды. Бір тауды көтеріп, бір таудың үстіне қояды.
    - О, неғып жүрген адамсың? - деп, Төстік қасына жетіп келеді.
    - Жер үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын,- дейді кісі.
    -Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді? - дейді Төстік.
    - Жұрттан асқан алыппын. Жердің үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ, қайратым ішіме сыймаған соң, тауларды көтеріп ермек қыламын. Таусоғар деген ермін, - дейді кісі.
   - Жарайды. Іздеген Төстігің мен боламын,- дейді Төстік. Бесеу болып жүріп кетеді. Бұлар жапан далада жүріп келе жатса, бір үлкен көл көрінеді. Көлдің суы қас пен көздің арасында суалып, жоқ болып кетеді де, қас пен көздің арасында шарасынан асып, ернеуі толып кетеді. Ер Төстік жоддастарымен мұның мәнісіне түсіне алмайды. "Бұл су қайдан келіп, қайда кетіп жатыр?"- деп, айнала іздейді. Сөйтсе қамыстың арасында біреу отыр, көлдің суын ұрттап қалса, жоқ болады, аузынан төгіп жіберсе, су қайта кетеді.
    - О, неғып отырған адамсың? - деп, Төстік жанына жетіп келеді.
   - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, жолдас болып ерейін деп, жолын тосып жүрген адаммын, - дейді әлгі кісі. Көлдің суы қарныма жұқ болмайды, қанша үлкен дария болса да, бір-ақ ұрттайтын Көлтауысар деген ер боламын, - дейді кісі.
   - Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын, - дейді Төстік. Алтау болып жүріп кетеді. Көп уақыт жол жүргеннен кейін, бұларға бір оба көрінеді.  Жақындаса обаның басында жалпиған бір адам отыр.
      - О, неғып жүрген адамсың? - дейді оған Төстік.
    - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түскенін, жылан Бапы ханға келі оның қорқытқанынан қорықпай төріне щыққанын, одан Темір ханның елін іздеп шыққан жолында жер астының өнерпаздарын жинап келе жатқанын көрген соң, соған жолдас болайын деп, жолын тосып отырмын, - дейді кісі.
      - Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді? - дейді Төстік.
     - Жер астының қырағысымын. Төстік, сенің не күйге ұшырағаныңның бәр көріп отырмын. Бар өнерім  - қырағылық, жердің асты-үстінде менің көзіме қағыс жер жоқ, қандай нәрсе болса да, анықтап қарасам, бәрін де көремін, - дейді кісі.
      - Жарайды. Ендеше менің жолдасым бол, - дейді Төстік. Жетеу болып жүріп кетеді.
 Бұлар жеті ай жол жүріпті, Темір хан елінің отырған жеріне келсе, Темір хан елінің жұрты жатыр. Төстіктің келе жатқанын естіп, көшіп кетіп  қалған екен. Саққұлақ тыңдап көрсе, Адам баспас деген жерге қонып жатқан хабар естіледі. Қырағы көз жіберіп еді, алты таудың ар жағында, жеті көлдің желкесіндегі жалпақ жартастың астына барып тығылған екен. Таусоғар жолдағы тауларды алып, көшіріп қоя салады. Көлтауысар көлдерді ұрттап суалта салады. Ер Төстік жолдастарымен көзді ашып жұмғанша Темір ханның аулына жетіп келеді. Ер Төстік келген соң, Темір хан ел жағына да кісі салып: "Қызымды қайсысының өнері асса, соған беремін", - деп хабар айтқызады. Той қылып, ел жиналады. Екі жақтың өнерін көруге жер астының қарайған халқының бәрі жиналады. Кеще ханның малға әкелген қора-қора қойының келе-келе түйесінің, үйір-үйір жылқысының бәрі де тойға сойылады. Ер Төстік жолдастарымен бір үйде отырады. Бұларды тойғызамын деп, қанша ет әкелсе де жетпейді. Тойға арналған тамақтың бәрін Көлтауысар жеп қояды. Тіпті тойғыза алмайтын болған соң, Темір хан мен Кеще хан бірігіп, бір амал табады. Төстіктердің тамағына у салып бермек болады. Саққұлақ мұны естіп отырады да, Төстікке айтады, Төстік ұрсып тамақты қайтарып жібереді. Епті Төстіктердің табағына салған уды білдірместен Кеще ханның нөкерінің табағына салып жібереді. Кеще ханның нөкері қырылып қалады. Бұдан жеңілген соң Темір хан ат шабысына шығады. Өзінің бар жүйрігін бәйгеге қосады. Ер Төстік Шалқұйрықты даярлайды. Қарақшының түбіне келген соң, Шалқұйрыққа тіл бітеді: - Егер атты өте алысқа айдаса, менің шабысым өте жылдам болады. Үш күн шапсам, бүйірім қызып, өзімді тоқтатуға шамам келмей, кетіп қалуым мүмкін. Мен келе жатқанда алдымнан арқан керіп қой. Арқан үш қабат болсын, бір қабаты кендірден болсын. Үш қабат арқанның үшеуі де үзілсе, мен саған жоқпын, ағынымды тоқтата алмай кеткенім, үшеуі де үзілмесе, мен жығылып өлемін, онда да саған жоқпын. Егер арқан жартылай үзілсе, мен тоқтаймын, жығылып қалсам да, жаным қайтадан кіреді, күдер үзбе, - дейді. "Ер Төстіктің жалғыз шолағы бір жерде зарығып өліп қалсын!" - деп, Темір хан атты бір жұмалық жерге айдатады. Балуан күресі басталады. Таусоғарға балуан шақ келмейді. Жер астының алыптарының бәрі жығылып бітеді. Күресуге кісі шықпаған соң, Таусоғар бір тауды көтеріп алып, жұртқа күшін көрсетеді. Темір хан мен Кеще хан қатты сасып:
     -Тауды біз жаққа қоя көрмесін! - деп Төстікке жалынады. Төстік тауды орнына қойғызады. Бір жеті өткен соң, бәйге аттары қайтып оралады. Жұрт қарақшының түбінен аттарын күтеді. Бір мезгілде алыстан бір шаң көрінеді, шаңның ішінен жақындай келе бір қара көрінеді. Шалқұйрық екенін танып, Ер Төстік үш қабат арқан кереді. Шалқұйрық құйынша заулаған бетімен арқанға келіп жоқ болады. Қараса, Шалқұйрық жығылған екен. Шалқұйрық талып түсіпті. Сонда Төстік:
 
62283