Еріккен хан / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша) Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Еріккен хан

Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің қолын үсік шалып, ауруға ұшырайды. Оның үстіне ханның жазасы да соққы болып тиеді. Ханның аулына бір күні Қожанасыр келеді. Ол ханның талабын орындамақ болады. Хан берген екі көрпені мұз үстіне төсеп, үстіне киім жамылмай жатады. Сөйтіп, сар аяздың өзінде жамбасынан сыз өтпеген Қожанасыр
үсіктен аман қалады. Хан оның жағдайын сұрай келіп,еш сылтау таппаған соң:
- Мүмкін, сен түнде алыстан от көрген шығарсың? - деп сұрайды. Сонда Қожанасыр көз ұшынан бір оттың жылтырағанын айтады. Іштей ыза болып тұрған хан:
«Сен сол оттан жылу алып, аман қалған екенсің?» - деп, Қожаға жөнсіз тиіседі. Қожанасыр өзінің ол оттан ешқандай жылу алмағандығын дәлелдеуге тырысады. Бірақ хан көнбейді.Ақыры Қожанасыр ханды үйіне қонаққа шақырады.Ұзын мосыға шәугімді іліп, астына жылтыратып от жа-
ғады. Шәугім биік, от әлсіз, шай қайнамайды. Сонда іші пысқан хан:
- Ей, Қожанасыр, мынауың сенің не далбаса, аспанда тұрған шәугімге жылтыраған оттың жылуы жете ме? - депті.
  -Ханеке, көз ұшында жылтыраған оттың мұз үстінде жатқан адамға жылуы келгенде, мосы басында тұрған шәугімге астында жылтыраған оттың жылуы неге бармасын. Бүгін болмаса, ертең шай қайнар, - депті.
Сөйтіп, сөзден жеңілген хан қатты ұялып, үйіне қайтады.


Ақпарат көзі: aldiyar.kz
2195