Қожанасырдың май сатып алуы / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Қожанасырдың май сатып алуы

Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. Әйелі оған бір кесе беріп:
- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, – деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.
Сол жерде сатушы:
- Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз?-дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:
- Қалғанын мына жағына құй! – деп, кесесінің түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:
- Майды мұнша неге аз алдың? – деп сұрағанда,
Қожа:
- Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, – деп, кесені тағы да төңкеріп қалады.
Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты.


Ақпарат көзі: aldiyar.kz
2545