Байқал мен аңғара / Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша
rus / eng / kaz


Казахские народные сказки (қазақша ертегі) и легенды не похожи на сказки других народов мира В разделе собраны сказки на русском и на казахском языках (казакша)











Казахские сказки — Қазақ ертегілері / Қазақша

Назад

Байқал мен аңғара

Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір Байқал деген бай адам болыпты. Оның байлығына қоса, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді аузына
қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір» атаныпты.
Байқалдың байлық, батырлық-ерлік, жақсылық қасиетіне қоса, қаһарлы, ашулы, ызғарлы сипаттары да болыпты. Байқалдың бір іске көңілі түспей, ашуы келсе, ол бетін түстікке бұрып қараса, барлық Сібірдің келбеті өзгере бастайды екен: күн өздігінен суытады, аспан түнеріп бұлттанып, бұлттар ерсілі-қарсылы көшіп, ызғарлы қар-жаңбыр жауып, жел соғып, теңіз тулап жағаны соғып, орман да бойын жазып тік тұра алмай еңкейіп басын иіп мөлиіпті. Жер бар сырын ішіне тартып, тоңып
қатып қалыпты. Жануарлар батырдың бұл қаһарына шыдамай, бойын көрсетпей, бас паналап көрінген ін-шұңқырға тығылыпты да, батырдың ашуының қайтуын күтіпті. Ал батырдың ашуы қайтса, бетін терістікке бұрғаны. Онда манағы құбылыстың бәрі өзгеріп, барлық Сібір жайбарақаттыққа айналып, барлық жаратылыс рақат табады екен. Байқалдың Зарлық деген жалғыз қызы бар екен. Ол қыз дүниеде теңдесі жоқ Аңғара деген батырға ғашық екен. Жастардың бұл сырын білсе, Байқал барлық Сібірді екінші түрге айналдырып жібереді, өйткені бір жорықта Аңғарамен кездесіп қалып, екеуі бірін-бірі көрместей болған екен. Екі ғашық Байқалдың бұл мінезін біліп, енді не істерін білмей дағдарысады, сөйтіп жүргенде бұлардың сырын Байқал сезіп қалып, алдымен қызы Зарлықты өлтірмекші болып ұмтылады. Зарлық қорқып тауға барып тығылады. Сол тау артынан «Мұңлық-Зарлық» атанады.
Ал Аңғара қорықпады, бірақ атасына қарсы келмей бетін солтүстікке қаратып, жан-жағына қарап тұрды да, алға жүре берді. Бұл кезде Байқалға да ой түсті ме немене, ойланып қалды. Аңғара: «Кезеңі келсе көрісерміз», -деп, терең ойланып артына қарай-қарай тартып отырды.
Ал Байқал осы қылған қаталдығына өкініп, жер бауырлап жата кеткен екен. Қайғысының күштілігінен жер ойылып, түпсіз терең көлге айналыпты. Одан шыққан су Аңғараның ізімен жүріп, ағып отырып үлкен өзенге айналыпты.


Ақпарат көзі: aldiyar.kz
2333